Болливуд жұлдызы Ом Пури өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мумбайда Болливуд жұлдызы Ом Пури 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы CNN актердің жақын досына сілтеме жасап хабарлайды. Телеарна дереккөзінің айтуынша, актер жүрек ұстамасынан көз жұмды.

 Болливуд жұлдызы Ом Пури өмірден озды

Ом Пури - танымал үндістандық актерлердің бірі. Ол 100-ден астам фильмдерге түсіп, оннан астам марапаттарды иеленген.