Болмановтар отбасы аруларды мерекеcімен құттықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Болмановтар отбасы барша нəзік жандыларды мерекемен құттықтап, əсем əндерін тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болмановтар отбасы аруларды мерекеcімен құттықтады

Инстаграм желісіндегі парақшасына Қарақат Əбілдина бейне жазба жүктеп, мереке иелеріне жылы лебіздерін білдірді. "Анашым қартаймашы' əнін жанұя мүшелері бірігіп орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

"Қымбатты əжелер, аналар, арулар. Барлықтарыңызды шын жүректен бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Барлық жақсылықты тілейміз. Ізгі ниетпен Болмановтар отбасы" деген тілегін Қыдырəлі  білдірді.

Талантты отбасының өнеріне тəнті болып, құттықтауларына ризашылықтарын білдіріп жатқандар көп. Басым бөлігі отбасы мүшелеріне бақыт пен береке тілеуде. Айта кету керек, Қыдырəлі мен Қарақат төрт ұлдың ата-анасы. Қазір əнші Қарақаттың бесінші баласына аяғы ауыр.

Анашым қартаймашы жалынамын... Барша аналарға арналады😍💐

Публикация от Karakat (@karakat_a) Мар 8 2017 в 4:01 PST