Бөлменің іргесінен көне суреттер табылды

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Гватемаланың Чахуль елді мекеніндегі ескі үйлердің бірінен Майя мәдениетіне тиесілі фрескалар табылды.
None
None

Бұл суреттерді өз ас бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған тұрғын анықтапты. Оның үйі 17-18-ші ғасырларда салынған екен. Бұл туралы Қазақстан ұлттқ арнасы хабарлайды.

Ғалымдар жазбаның шынымен де сол көне тайпа өмір сүрген кезде салынғанын растады. Іргеде үнді және испан костюмдерін киген адамдар легі бейнеленген. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл - «жаулап алу биінің» көрінісі. Археологтардың пікірінше, фрескалар - өте сирек олжа. Сондықтан, оларды тезірек зерттеу қажет. Себебі, жазбалар ауа мен жарықтың әсерінен мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар