Бөлшек сауда көлемі 12,4 пайызға артты
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,4%-ға жоғарылап, 2 645,4 млрд. теңгеге жетті.
«2013 жылғы қаңтар-шілдеде сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 1 425,6 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 16,6%-ға артық»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.
2013 жылғы қаңтар-шілдеде базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 46,1%-ды құрады.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,6%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға, азық-түлік тауарлар - 7,6%-ға ұлғайды.