Бөлшек сауда салығы табыс қолма-қол ақшамен алынса - 12, карточкамен -7, ал онлайн дүкендер арқылы алынса 5 пайызды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бөлшек сауда салығы табыс қолма-қол ақшамен алынса - 12, карточкамен - 7, ал онлайн дүкендер арқылы алынса 5 пайызды құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысы барысында Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов айтты.

«Қазіргі уақытта болжанып отырған салық саясатында екі салық көзделген. Оның бірі бөлшек саудадан басқа экономиканың барлық салаларын қамтитын, қосылған құн салығын алмастыратын сатылымнан түсетін салық. Ал бөлшек сауда үшін жеке «бөлшек сауда салығы» деп аталатын салық қарастырылған. Ол қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығын алмастырады», - деді ол.

О.Құдайбергеновтің сөзіне қарағанда, қосылған құн салығы -12, корпоративтік табыс салығы 20 пайызды құрайды. Бұл жалпы, бекітілген режімдегі салық көлемі. Ал жеңілдетілген режімде айналым салығы небәрі 3 пайызды құрайтын болады.

«Бөлшек саудада бірнеше емес, тек бір ғана салық режімі болады. Ал ставканың 12, 7 және 5 пайыздық 3 түрі болады. 12 пайыз табыс қолма-қол ақшамен, 7 пайыз карточкамен және 5 пайыз онлайн дүкендер арқылы алынса қолданылады»,- деді ол.

Орталық директорының алға тартқан деректеріне сәйкес, бөлшек сауда салығын енгізу қосымша 260 млрд. теңге кіріс алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар