Бөлшектеп жинады: Алматылық дәрігерлер екі жасөспірімнің қолына ота жасады

Алматыда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары петарда жарылып, зардап шеккен 13 және 16 жастағы екі жасөспірімге ота жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Дәрігер
Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

«13 және 16 жастағы екі жасөспірім біздің орталықтың травматологияның қабылдау бөлімшесіне шұғыл түрде түсті. Екі пациентте аралас жарақаттар болды. Атап айтар болсақ, оң қолдың ашық сынуы, оң қолдың саусақаралық кеңістігінің зақымдануы. Беттің, кеуде қуысының, екі қолдың термиялық күйігі және травматикалық шок болды. Қабылдау бөлімшесінің жағдайында операция жүргізілді: клиника әдісі бойынша ішкі бекітумен сүйек сынықтарын жабық репозициялау, сондай-ақ оң қолдың II саусағының тіндерімен пластика жасалды. Біз қолдарын былайынша айтқанда, бөліктер бойынша жинадық. Бақытымызға орай, жасөспірімдердің қолдарын құтқарып, қолдың функцияларын толық қалпына келтіре алдық», - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының травматологы Кешірме Қуаныш.

Дәрігердің айтуынша, 4 қаңтар күні жаңа жылдық жарылғыш заттан зардап шеккен тағы үш дос ауруханаға түскен.

Белгілі болғанындай, олар алдымен істен шыққан отшашуды бөлшектеп жинамақ болған, нәтижесінде үшеуі де ауыр жарақат алды: біреуі оң қолын, екіншісі бетін жарақаттап алды.
Ал зардап шеккен жасөспірімдердің үшіншісіне 2-3 дәрежелі көз алмасының контузиясы диагнозы қойылды.

«Пациент 12 жаста. Ол көз алмасының контузиясы, көзінің нұрлы қабығының III - IV дәрежелі күйігімен ауруханаға түсті. Көру жағдайы бойынша науқас әзірге тек ақ жарықты көреді, көру қабілеті қалпына келеді ме, жоқ па - олай қорытынды жасауға әлі ерте», - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Рақымжан Кебіров.

Бүгіні күні Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында петардалардың жарылуынан жарақат алған 5 бала жатыр. Олардың екеуі травматология бөлімшесінде, екі науқас күйік бөлімшесінде және тағы біреуі офтальмология бөлімшесінде ем қабылдауда.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінің деректеріне сәйкес, желтоқсан және қаңтар айының басынан бастап 7 жастан 16 жасқа дейінгі 9 бала дәрігерге жүгінген.

Соңғы жаңалықтар