Болт Laureus тұжырымы бойынша төртінші рет жылдың үздік спортшысы болып танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайкалық қысқа қашықтықтағы жүйрік Усэйн Болт Laureus World Sports Academy (Әлемдік "Лауреус" спорт академиясы) тұжырымы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды.  Жыл спортшысы лауреаты сыйлығын  табыстау рәсімі сейсенбіде Монакода өтті.

 Болт Laureus  тұжырымы бойынша төртінші рет жылдың үздік спортшысы болып танылды

Болт сыйлықты төртінші рет алып отыр. Бұдан бұрын ол наградаға 2009, 2010 және 2013 жылдары ие болған. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ол үш алтын медаль алды.

 Айта кеткен жөн, «Жыл спортшысы» марапатына америкалық баскетболшы Леброн Джеймс, португалиялық футболшы Криштиану Роналду, америкалық баскетболшы Стефен Карри, британдық жеңіл атлет Мо Фара мен оның отандасы теннисші Энди Маррей де үміткер болған.