Болжам: Алдағы 50 жылда Сырдария мен Амудария арнасы 15 пайызға кемиді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы 50 жылда Сырдария мен Амудария арнасы 15 пайызға кемиді. Бұл туралы «Орталық Азиядағы су ресурстарының болашағы» форумында сарапшы Сағит Ибатуллин мәлім етті.

 Болжам: Алдағы 50 жылда Сырдария мен Амудария арнасы 15 пайызға кемиді

«Мұздақтар ақырындап еріп жатыр. Орталық Азиядағы тау шыңдарындағы  мұз қоры соңғы 40 жылда 25 пайызға азайды. Өкініштісі, 6-10 жылда су ағысы еріген мұз есебінен көбейіп, арна толып ағуы мүмкін. Содан кейін мұздардың айтарлықтай «жұқарғанын» көретін боламыз», - дейді С.Ибатуллин.

Оның бұл болжамына сүйенсек, осы қарқынмен Сырдария 10-12, Амудария 10-15 пайызға азаяды.

«Бұл 50-70 жылға арналған болжам», - деп нақтылай түсті ол сөзін.

Сонымен қатар, ол жер-су ресурстарының тозып бара жатқанын, биоалуандылықтың жоғалып бара жатқанын айтты. 

null null null null null null