Бомба бар: Алматыда мектептен мұғалімдер мен оқушылар шұғыл эвакуацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында №25 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін оқушылар мен қызметкерлер шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан №25 білім мекемесінде қаланың жедел және төтенше қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында тексеру жүргізді.

Оқушылар мен ұстаздар тез арада эвакуацияланды.

«Белгілі болғандай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс зат табылған жоқ»,- деді Салтанат Әзірбек.

Қазір полиция мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамның кім екенін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар