Бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты - Париж

Туристік кешенді басқарушы компанияға қоңырау шалған белгісіз біреу, мұнараға бомба қойылғанын хабарлаған. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру шарасы еш дүрбелеңсіз өтті, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция өкілінің атап көрсетуінше, жақында ғана АҚШ-та қыркүйектің 11-індегі лаңкестік оқиғаның тоғыз жылдығы атап өтілгендіктен, тәртіп сақшылары қоңырауды шын көрген.
Полицейлер мен кинологтар Эйфел мұнарасы мен Марс алаңын тексеріп жатқан кезде, қала маңындағы Сен-Мишель стансасына жарылғыш заттың қойылғаны туралы анонимді қоңырау түскен. Онда да жолаушылар жедел көшіріліп, пойыз қозғалысы бір сағатқа тоқтатылған. Ол жерден де ешқандай күдікті нәрсе табылған жоқ.