Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін мектептен мыңға жуық адам көшірілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Павлодарда мектеп ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабардан кейін 988 адам шұғыл көшірілді,

Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін мектептен мыңға жуық адам көшірілді - ҚР ТЖМ

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 Анонимді қоңырау «112» пультіне дүйсенбі күні сағат таңертеңгі тоғызда соғылған. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ.