Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін Павлодар теміржол вокзалынан 200-дей адам жедел көшірілді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бомба қойылғаны туралы хабардан кейін Павлодар теміржол вокзалынан 200-дей адам қауіпсіз жерге жедел көшірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бомба   қойылғаны  туралы хабардан кейін  Павлодар  теміржол  вокзалынан  200-дей адам жедел   көшірілді

«23 қаңтар күні кешке теміржол вокзалының анықтама қызметіне вокзалға бомба қойылғандығы туралы анонимді қоңырау түсті. Осыған байланысты ғимараттан 208 адам жедел көшірілді, олардың 23-і - балалар. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.