Бомба туралы хабарға байланысты Өскеменде үйлердің бірінен 120 тұрғын жедел көшірілді

АСТАНА.  Тамыздың 5-і.  ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке   Шығыс Қазақстанның  Өскемен  қаласында  төтенше оқиға   орын  алды - Севастополь көшесіндегі   5 қабатты тұрғын үйдің   бірінші  қабатында орналасқан «Восход» дүкеніне  жарылғыш  заттың қойылғандығы  туралы анонимді  қоңырау  түсті,  

Бомба туралы  хабарға   байланысты   Өскеменде  үйлердің бірінен  120 тұрғын  жедел  көшірілді

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға салдарынан   осы үйдің 120 тұрғыны  жедел көшірілді, арнайы іс-шаралар жүргізілді.  Тексеру барысында ешқандай  бомба  табылған жоқ.