Бомба жайлы хабардан соң «Рига-Мәскеу» пойызының жолаушылары түгел эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Латвияның Екабпилс қаласындағы "Крустпилс" стансасында жарылғыш зат қойылғандығы туралы полицияға түскен хабардан соң «Рига-Мәскеу» пойызының жолаушылары түгел эвакуацияланды.

Бомба жайлы хабардан соң «Рига-Мәскеу»  пойызының жолаушылары түгел эвакуацияланды

Latvijas dzelzceļš ("Латвия темір жолы") өкілінің атап өтуінше, оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде.

Пойыз Ригадан жергілікті уақыт бойынша17:30-да шыққан.

Қазіргі уақытта Екабпилсте "Рига-Минск" және Рига-Санкт-Петербор" халықаралық жолаушылар пойыздары тексеру үшін тоқтатылды, деп хабарлайды Би-би-си.

Фото: Павел Комаров