Бондарчуктің «Сталинград» фильмінің бірінші трейлері желіге шықты

Онда фильм үзіндісі Луи Армстронг алғаш жазған «What a Wonderful World» әнімен өрнектелген.
Трейлердің сайтқа орналастырылған күні 2013 жылғы 2 мамыр деп көрсетілген. Ал трейлердің интернет-премьерасы 3 мамырда kinopoisk.ru. сайтында болды.
Трейлер алғаш рет сәуір айының ортасында Лас-Вегастағы CinemaCon кино нарығында көрсетілді. Онда «Сталинградты» Ресей фильмдерін прокаттаумен айналысатын Sony Pictures Releasing International компаниясы апарды.
Бондарчуктің картинасының бюджеті - 30 миллион доллар. «Сталинград» түгелдей IMAX 3D технологиясымен түсірілген алғашқы ресейлік фильм болды. Қоюшы-операторы - Максим Осадчий, Музыкасын жазған композитор Дэвида Линча Анджело Бадаламенти. Сталинград шайқасының оқиғаларына негізделген бұл фильмнің премьерасы 2013 жылғы күзде Волгоградта өтеді.