Боралдай Сақ қорғандарын тазарту әрі көркейту мақсатында сенбілік өтіп жатыр
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Боралдай Сақ қорғандарын тазарту әрі көркейту мақсатында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп,
сенбілік өткізуде.
Әлемде теңдесі жоқ өзінің табиғи қалпын сақтап қалған Боралдай Сақ қорғандарын тазарту мен көркейту мақсатында өткізіліп отырған сенбілік аясында мерекелік концерт ұйымдастырылады.