Боран кезінде Қазақстанда 3 мың шақырымға жуық жолды қар басып қалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Айдос жол қызметкерлерінің қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын қалай атқарып жатқанын баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боран кезінде Қазақстанда 3 мың шақырымға жуық жолды қар басып қалады

«Көктайғаққа қарсы материал – химиялық заттар, тұз, т.б даярлау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Базалардың 98 пайызы дайын, бұл – қазандықтар, гараждар, қоймалар. Қысқы ауа райы қолайсыз болған жағдайда біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істеуге көшеді», - деді С.Айдос.

Ол сондай-ақ Қазақстанда қыс мезгілінде қанша жол учаскесін қар басып қалатынын хабарлады.

«2800 шақырым жол учаскесін ерекше бақылауға аламыз. Бұл – боран кезінде жиі қар тұрып қалатын жерлер. Біз оларды бақылауда ұстап, қарды пассивті ұстап тұруды қамтамасыз ету, қардан қорғау қалқандарын орнату жұмыстарын жүргіземіз», - деп қосты ол.