11:46, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Боран, күшті жел: БҚО-да республикалық жол жабылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша 29 наурыз күні жергілікті сағат 10.10-нан бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жабылу себебі – боран, күшті жел, жолдың көрінбеуі.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталмыш бағытта тұрғындарға жолға шықпау керектігін жеткізді.