Боран салдарынан «Астана-Франкфурт» рейсі кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада боран салдарынан "Астана-Франкфурт" рейсі кейінге шегерілді. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Қазіргі уақытта Астана қаласының әуежайында "Эйр Астана" әуе компаниясының Астана-Франкфурт бағытындағы КС921 ресінің ұшу мерзімі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатыр. 5 ақпан сағат 18-30-дағы жағдайға сәйкес ұшу-қону жолағының жалпы көрінуі 450 метрді, ауа температурасы -25 градусты, жел жылдамдығы секундына 13 метрді құрайды", делінген комитет ақпаратында.

Ауа райының болжамына сәйкес күрделі метеоахуал ел аумағында сақталады. Осыған байланысты жолаушыларға өздерінің рейстері жайлы мәліметтерді call-орталықтардан және әуе компаниясының ресми сайтынан дер уақытында біліп отыруға кеңес беріледі.

Эйр Астана компаниясының call-орталықтары: Алматыда +7 7272 444477, Астанада +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477.

«SCAT» әуе компаниясының call-орталығы: +7 7252 998880.

Соңғы жаңалықтар