Боран салдарынан Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитеті.
None
None

Осылайша Ақмола облысында боран салдарынан «Екатеринбург-Алматы» (856-917 км) а/ж, «Жезқазған-Петропавл» (377-440 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Алматы облысында «Үшарал-Достық» (0-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Қарағанды облысында «Жезқазған-Петропавл» (130-240 км) а/ж, «Алматы-Екатеринбург» (1007-885 км Қарағанды қ.- Ақсу-Аюлы а.) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» (377-252 км) а/ж, «Арқалық-Торғай» (0-288 км) а/ж, «Әулиекөл-Жалдама» (54-257 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» (1135-1205 км Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қошқарата-Жарықпас-Бірлік» (77-142 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар