Боран салдарынан Қазақстанның сегіз аймағында жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстанның сегіз облысында және республика астанасында автокөлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
Мәселен, Астана қаласында сағат 21:20-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінім нашарлауы) Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс жабылды.
Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап облыс жолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысында сағат 10:40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, бұрқасын, көрінім нашарлауы) «Үшарал-Достық» автожолы учаскесінде (81-184-ші шақырымдар, Көктұма ауылы-Достық ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Ақтөбе облысында сағат 18:40-тан бастап бұрқасын салдарынан республикалық маңыздағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының учаскесінде (92-257-ші шақырымдар) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
ШҚО-да сағат 19:00-ден бастап облыстық маңыздағы автожолдар учаскелерінде қозғалыс жабылды:
«Новопокровка-Петропавловка-Зүбайр-Байтанат- РФ шекарасы» (10-41-ші шақырымдар);
«Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка» (0-30-шы шақырымдар);
Қарағанды облысы: сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты(боран) автожолдар учаскелерінде жолдар жаблды:
«Жезқазған-Петропавл» автожолының 60-240-шы шақырымдары, Жезді кентінен Қостанай облысы шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлеріне жол жабылды;
«Алматы-Екатеринбург» (1051-1142-ші шақырымдар, Теміртау қаласы-Ақмола облысының шекарасы)
Павлодарская облысы: сағат 22:00-ден бастап, бұрқасынға байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы учаскесінде (205-259-шы шақырымдар, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Қостанай облысы: сағат 10:45-тен бастап, ауа райыныің нашарлауына байланысты (бұрқасын) автожолдар учаскелерінде қозғалыс жабылды:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232-ші шақырымдар, Әулиекөл кенті-Челгаши-Ақмола облысының шекарасында дейін);
«Жезқазған-Петропавл» (252-37-ші шақырымдар, Қарағанды облысының шекарасынан -Арқалық қаласы- Ақмола облысының шекарасына дейін);
«Екатеринбург-Алматы» (686-729-шы шақырымдар, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасына дейін);
«Мамлютка-Қостанай» (180-249-шы шақырымдар, Ұзынкөл кентінен-СҚО шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы: сағат 18-00-де ауа райының нашарлауына байланысты(бұрқасын) Петропавл қаласынан барлық бағыттар бойынша көліктің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.