Боран соғуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығы (қатты боран) және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдарының екі учаскесінде жолаушы және жүк көліктеріне жол жүруге шектеу қойылды,
деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында Алматы-Ташкент-Термез автожолының «Рубеж» бекеті мен Шақпақ баба (593-606 шақырым) учаскесі, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Зыряновск-Рахманов қайнар бұлақтары автожолының Өскемен-Зыряновск (0-164 шақырым) учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар, ведомствоның атап өтуінше, бұдан бұрын жабылған Алматы облысына қарасты Қапшағай-Күрті, Үшарал-Достық және Шығыс Қазақстан облысына қарасты Біржан-Теректі учаскелерінде әлі де жол қатынасына шектеу қойылған.