Боран, үскірік аяз, тұман: 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 18 қаңтар, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.

Елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек республиканың шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен аздаған қар, жаяу бұрқасын, елдің оңтүстігінде – жел күшейіп, тұман түседі.

Түнде Жетісу облысы мен Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Соңғы жаңалықтар