Боранды ауа райына байланысты республикалық маңыздағы жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды - ТЖМ
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат – Республика аумағындағы боранды ауа райына байланысты республикалық маңыздағы «Қарағанды-Павлодар», «Қарағанды-Балқаш», «Қарағанды?Қарқаралы» жолдарында автокөлік қозғалыстары жабылды.
ҚазАқпаратқа бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Оған қоса наурыздың 15-і күні сағат 19.00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Қалбатау» тас жолының 54-67ші шақырымдарында, «Өскемен-Үлбі ?Северное» тас жолының 14-47-ші шақырымындарында көлік қозғалыстары жабылса, бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап «Өскемен ?Таулы Үлбі-Северное» тас жолындағы қозғалыс тоқтатылды.