Боранды күні балық ауламақ болған екі қостанайлық адасып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі балықшы адасып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға 5 ақпан күні Сарыкөл ауданында болған.

«30 және 28 жастағы екі ер адам Сарыкөл өзеніне балық аулауға шыққан. Боран соғып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты олар үйлеріне жете алмай, адасып кеткен. Балықшылар құтқарушылардан көмек сұраған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

ТЖД мамандары мен полицейлер балықшыларды үйлеріне дейін жеткізді. Қазір олардың жағдайлары жақсы.

Еске салсақ, Қостанай облысында екі адамды үсік шалып, көз жұмды.

Аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар