Боранға байланысты Қазақстанның 11 облысында жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Дәл қазір еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлап жолдар жабылды. Полиция күшейтілген режимге көшті.

Қарағанды облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 15:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 16:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1864-2005 шақырым аралығындағы учаскесінде (Балқаш қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 16:10–да ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 56-217 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ботақара ауылынан Қарқаралы қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 17:00–де ауа райының бұзылуына байланысты:
— «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады;
— «Теміртау-Ақтау-Бастау» автожолының 0-53 шақырым аралығындағы учаскесінде (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 2005-2152 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Бұрылбайтал ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығындағы учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00–де ашу жоспарланған.
Павлодар облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 16:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 1206-1367 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 17:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Рф шекарасы» автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:15–те ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-218 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 00:00–де ашу жоспарланған.
Ұлытау облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 18:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл» автожолының 11-22 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жезқазған қаласы — Сәтбаев қаласы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 22:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Түркістан облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тұрар Рысқұлов ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 11:00–де ашу жоспарланған.
Түркістан облысы аумағында 21 қаңтар кешкі уақытта қар жауып, жолдар тайғақ бола бастады. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жолды жауып, күшейтілген тәртіппен қызметке көшті.
— Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытындағы және Шымкент бағытынан Алматы бағытындағы трассалар жабылып, барлық автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Осыған байланысты облыс тұрғындарын аса қажет болмаса жолға шықпауға шақырамыз, — деп ескертті ведомство.
Қызылорда облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Абай облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30–де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 12:00–де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы:
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 20:30–де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.