Боранға байланысты Шахтинск қаласының біраз бөлігі жарықсыз отыр

Шахтинск қаласында дауыл салдарынан бірнеше орамдағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Коммуналдық қызметтер ақауды жою үшін қарқынды режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.

Авария на ТЭЦ-3: Караганда осталась без света
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қатты боран салдарынан Шахтинск қаласында электр желісі үзіліп кетті. Салдарынан бірнеше орамның тұрғындары жарықсыз қалды.

«Дауыл мен боранның салдарынан электр желілері үзілді. Осыған байланысты қаланың бірнеше кварталы электр қуатынсыз қалды. Қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр. Үйлерге электр қуатын қосуға тырысып жатырмыз. Алайда, қолайсыз ауа райына байланысты ақауды тез жоюға мүмкіндік болмай жатыр. Жөндеу жұмыстары Новодолинскіде де жүргізілуде. Жағдай қала әкімінің бақылауында. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», — деді Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары электр қуатының өшуіне байланысты жылумен қамтамасыз ету жүйесінде кідіріс болады деп уайымдаған болатын.

Алайда қала билігі ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп сендірді.

«Қаладағы жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЭО бойынша 2 қазандық істеп тұр, біреуі резервте. Шахан кентінде де қазандық штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, 2 қазандық қосулы, біреуі резервте тұр», — деп толықтырды Шахтинск қаласының әкімдігі.  

Соңғы жаңалықтар