Боранға байланысты 8 облыстың аумағындағы республикалық жолдар жабық

Ақмола облысы бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабық:
«Астана-Қорғалжын» а/ж 19-124 шақырымы;
«Екатеринбург-Алматы» а/ж 1280-1353 шақырымындағы Астана қ.-Қарағанды обл.шекара аралығы;
«Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-205 шақырымындағы Астана қ-Павлодар обл. шекарасы аралығы;
«Астана-Петропавл» а/ж 18-252 шақырымындағы Астана қ-Щучинск аралығы;
Көкшетау-Атбасар» а/ж 0-184 шақырымы;
«Щучинск-Зеренді» а/ж 0-80 шақырымы;
08.03.2013 ж. сағат 09.15-тен бастап «Көкшетау-Омбы» а/ж 2-50 шақырымы;
«Астана-Петропавл» а/ж 304-341 шақырымындағы Көкшетау-Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы аралығы;
«Астана-Петропавл» а/ж 231-293 шақырымындағы Щучинск-Көкшетау аралығы;
«Көкшетау-Рузаевка» а/ж 0-61 шақырымы;
«Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-595 шақырымындағы Қостанай обл.шекарасы-Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы аралығы;
«Екатеринбург-Алматы» а/ж 913-1002 шақырымындағы Есіл-Атбасар аралығы;
«Жақсы-Есіл-Бұзұлық» а/ж 0-82 шақырымы;
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» а/ж 232-260 шақырымындағы Қостанай обл.шекарасы-Сұрған аралығы.
Ақтөбе облысындағы қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Ақтөбе-Орск» а/ж 37-135 шақырымындағы Пачаева- Пограничный бекет аралығы жабық.
Батыс Қазақстан облысында автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды:
«Самара-Шымкент» а/ж 195-251 шақырымындағы РФ шекарасы-Орал аралығы;
«Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» а/ж 0-144 шақырымы аралығы.
Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабық:
«Қызылорда-Павлодар» а/ж 970-1135 шақырымындағы Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы аралығы;
«Екатеринбург-Алматы» а/ж 1364-1353 шақырымындағы Осакаровка-Ақмола обл. шекарасы.
Қостанай облысы аумағындағы қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Қарабұтақ-Қостанай» а/ж 549-509 шақырымындағы Қостанай-Рудный аралығынан басқа барлық бағыттарда жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.
Бүгін сағат 10.40-тан бастап "Қарабұтақ-Қостанай" а/ж 385-547 шақырымындағы Денисовка-Қостанай аралығы; "Денисовка-Жетіқара" а/ж 0-50 шақырымы; "Мамлютка-Қостанай" а/ж 184-404 шақырымы аралықтарында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жанданды.
Павлодар облысында кеше қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты барлық бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған еді.
Бүгін сағат 10.00-ден бастап "Омбы-Майқапшағай" а/ж 426-526 шақырымындағы Кенжекөл-Семей аралығы; "Қызылорда-Павлодар" а/ж 1328-1230 шақырымындағы Ленинский-Екібастұз аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу алынды.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруінің қауіпіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін "Өскемен-Зыряновск-Рахман қайнарлары" а/ж 7-164 шақырымындағы Ушановский-Зыряновск аралығы жол қозғалысына шектеу қойылды:
Бұдан бөлек, боранға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабылды:
«Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» а/ж 422-450 шақырымындағы Берель-Рахман бұлақтары;
«Омбы-Майқапшағай» а/ж 587-733 шақырымындағы Павлодар обл. шекарасы- Семей қ. аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысында кеше сағат 08.50-ден бастап қоласыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін облыс бойынша барлық бағыттарда жол қозғалысына шектеу қойылды.