Боранға байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада боранға байланысты қаладан шығатын барлық жолдар жабылды.

Боранға байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Астанада күн райының күрт бұзылуына байланысты «Рубеж» жүйесінің бөгеуші стационарлық бекеттері арқылы 6 бағытта барлық көлік құралдарының қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, Астрахан, Қорғалжын, Көкшетау, Қарағанды, Рождественка және Алаш тас жолдары жабылды»,- делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, қала көшелерінде көлік қозғалысын бақылау күшейтілді.