Боранға байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Астанадан шығатын жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-дан хабарланды.
«Екатеринбор-Алматы» жолының 1275-1353 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде, «Астана-Петропавл» жолының 18-341 шақырымындағы Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Мұнымен қоса, «Көкшетау-Омбы» жолының Көкшетау мен СҚО учаскесінде, сондай-ақ Көкшетау мен Атбасар жолында көлік қозғалысы шектелді.
«Екатеринбор-Алматы» жолының 856-917 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Жақсы ауылы учаскесінде де жол жабылды.