Боранға байланысты Риддер іргесінде көлік кептелісі туындады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласынан шыға берісте қатты боранға байланысты көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боранға байланысты Риддер іргесінде көлік кептелісі туындады

Кешелі бері Риддер іргесінде көліктер ұзын-сонар кептелісте қалған. Бұған қатты боранға байланысты тасжолдың жабылуы себеп болған. Алайда, соған қарамастан жолға шыққандар саны азаюдың орнына көбейіп барады.

«Дәл қазір Риддер мен Өскемен арасындағы республикалық маңызы бар жол жабық. Риддерден шыға берісте жолшылар мен полицейлер кезекшілік атқарып тұр», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, осы сәтте өңірде республикалық маңызы бар 2, облыстық маңыздағы 4 жолда көлік қозғалысына тыйым салынған.


Видеодан алынған кадр