Боранға байланысты үш облыстың аумағындағы жолдар жабық
Ақтөбе облысында қазіргі кезде мына жолдар жабық тұр:
- «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» жолының 75-135 шақырымы аралығы;
- «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 45-176 шақырымындағы Алға мен Шұбарқұдық аралығы;
- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығы;
- «Самара-Шымкент» жолының 753-836 шақырымындағы Ақтөбе мен Хромтау учаскесі.
Алматы облысында боранға байланысты «Үшарал-Достық» жолының 83-113 шақырымы аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Ал Қарағанды облысында қазіргі сәтте барлық көлік түрлері үшін мына жолдар жабық:
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 24-252 шақырымындағы Сәтбаев пен Қостанай облысы аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1364-1425 шақырымындағы Теміртау-Осакаров учаскесі;
- «Қызылорда-Павлодар» жолының 753-905 шақырымындағы Топар мен Атасу аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1492-1854 шақырымындағы Қарағанды мен Балқаш учаскесінде.