Боранның салдарынан Өскеменнен Омбы, Алматы, Бақты және Зырян бағыттарына шығатын жолдар жабылды

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Боранның салдарынан Өскеменнен Омбы, Алматы, Бақты және Зырян бағыттарына шығатын барлық жолдар жабылды.

Боранның салдарынан  Өскеменнен Омбы,  Алматы, Бақты және  Зырян  бағыттарына   шығатын    жолдар жабылды

Атап айтқанда, көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңыздағы Омбы-Майқапшағай жолында «Семей-Көкпекті 576-1002 шақырым» учаскесі, Таскескен-Бақты жолы, Өскеменнен Алматы, Зырян, Шемонаиха және Семей бағытына шығатын жолдар жабылды.

Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оған қоса, Өскемен-Тарғын-Самара, Семей-Қарауыл, Күршім-Қалжыр облыстық трассалары бойынша да қозғалыс жабылып отыр.

Жалғызтөбе ауылының тұсында, алдын ала мәліметтер бойынша 3 автобус, 20 шақты жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып отыр.