«Бордо» -ПСЖ матчы алдында стадионнан бомба табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Daily Mail басылымы хабарлағандай, ойын болатын күні таңертең Париждегі "Парк де Пренс" стадионынан қолдан жасалған бомба табылған.
Жарылғыш зат ұялы телефоннан қоңырау арқылы іске қосылуы керек болған. Жергілікті полиция бес күдіктіні ұстады.
Айта кетейік, ПСЖ - "Бордо" матчы алаң иелерінің пайдасына 6:2 есебімен аяқталды. Ойынға 47 мың көрермен келген. 