Борис Березовский өлімінің себебін анықтау 8 аптаға созылады
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Британдық полиция Борис Березовскидің денесіне жасалатын медициналық сараптаманың нәтижесі тест басталғаннан кейінгі 8 аптада дайын болатынын айтты. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі хабарлады.
«Біз әлі токсикологиялық және гистологиялық тестілердің қорытындысын күтіп отырмыз. Біздің есептеулер бойынша оған жалпы алғанда сегіз апта уақыт жұмсалады»,-дейді полиция қызметкері Крейг Эври. Осы орайда бизнесмен өлімінің себебі туралы ақпарат 20 мамыр кездерінде белгілі болмақ.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 наурызда 68-ге қараған шағында ресейлік кәсіпкер, олигарх Борис Березовский дүниеден өтті. Оның денесі англиялық Беркшир графтығындағы үйінен табылды.
Борис Березовский 90-ыншы жылдардағы аласапыран кезінде Ресейде дәулет жинаған атышулы олигарх болды. Ресейде сотталуға үкім шығарылған ол соңғы жылдарда Лондонда тұрып, саяси баспана алды және өз құжаттарындағы есімін Платон Еленин деп өзгертті.