Борис Керімбаев: Отан қорғаушы - ең қасиетті мамандық

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әскери міндетті орындау әрбір азамат үшін зор абырой, деді бүгін қаруластары арасында "қара майор" атанып кеткен Ауған соғысының қаһарманы, ардагер Борис Керімбаев Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою кезінде,

 Борис Керімбаев: Отан қорғаушы - ең қасиетті мамандық

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тәуелсіздік жылдары Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың арасында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен ғана емес, саяси беделі мен әскери күш- қуаты жағынан да қарыштап өсті. Ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз жеткілікті. Оған алдыңғы аға буынның қосқан үлесі өте қомақты. Сондықтан да барлық соғыс және еңбек ардагерлеріне зор денсаулық тілеймін", дейді Борис Түгелұлы. Оның айтуынша, әскери қызмет - ең абыройлы міндет. Өкінішке орай, Қазақстан армиясының абыройын асқақтата түсер фильмдер мен әдеби және драмалық шығармалар әлі аз. Отан қорғаушы деген мамандықтың қадір-қаситетін арттыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор. Тек осы мүмкіндік өз деңгейінде пайдаланылып жатқан жоқ. Жастарға өмірі мен өнегелі істерімен үлгі бола алатын азамат, қайраткер, тұлға арамызда аз емес. Тек олардың есімін елдің бәрі бірдей біле бермейді, дейді ол.