Борис Керімбаевты еске алуға арналған турнирде астаналық балуандар топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Борис Керімбаевты еске алуға арналған 2007-2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында өткен алғашқы республикалық жарыс мәресіне жетті.
3 күнге жалғасқан турнир қорытындысы бойынша Астана қаласының боз кілем шеберлері топ жарды.
«Ауған соғысының ардагерлері ұйымдастырып жатқан жасөспірімдер арасындағы республикалық бәсеке көңілімізден шықты. Күннің аязына қарамастан, еліміздің түкпір-түкпірінен келген облыстарға алғысымды білдіремін. Ересектер арасына қосылатын жасөспірімдер үшін бұл жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын», — деді Астана қаласының бас жаттықтырушысы Әділ Алжекиев.
Сондай-ақ, турнирдің ең үздік балуаны номинациясын 71 келіде чемпион атанған елордалық спортшы Ахалбек Әбілмансұр жеңіп алды.
Жалпы командалық есеп:
1. Астана қ. — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола
2. Абай обл. — 2 алтын, 1 күміс, 3 қола
3. СҚО — 2 алтын, 1 қола
4. Атырау обл. — 1 алтын, 2 қола
5-6. Қостанай обл. — 1 алтын
5-6. Қызылорда обл. — 1 алтын
7. Ақмола обл. — 1 күміс, 3 қола
8. ШҚО — 2 күміс, 1 қола
9-10. Ақмола обл. — 1 күміс
9-10. Шымкент қ. — 1 күміс
11. Алматы қ. — 4 қола
12-14. Павлодар обл. — 1 қола
12-14. Жамбыл обл. — 1 қола
12-14. Қарағанды обл. — 1 қола.