Бородино даласында аңызға айналған ұрыстың 200 жылдығы аталып өтеді

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Бородино даласында Ресейдегі Ұлы Отан соғысының 200 жылдығы аталып өтеді, деп хабарлады РБК.

Бородино даласында аңызға айналған ұрыстың 200 жылдығы аталып өтеді

Шараға мәдениет және ғылым қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 1812 жылғы соғыс батырларының ұрпақтары мен шетелдік қонақтар келеді, деп хабарлады «Россия 24». Салтанатқа РФ президенті Владимир Путин қатысып, соғыс батырлары монументіне гүл шоқтарын қояды және Можайск мен Малоярославец қалаларының өкілдеріне «Әскери даңқ қаласы» атағы берілгені туралы куәліктер тапсырады.

Кешке Бородино ұрысы бейнелеген қойылым өтеді. Бірнеше мың адам көрермендерге ұрыстың басты эпизодтарын: Багратион далалық бекінісі маңңындағы ұрыстарды, Раевский батареясының шабуылын, орыс атты армиясының француз армиясы қанатына соққысын көрсетеді. Мәскеу уақытымен 14:00-де «Россия 24» Бородино даласынан тікелей хабар таратады.