«Боровичок» демалыс аумағында жазғы сауықтыру маусымы салтанатты түрде ашылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Боровичок» демалыс аумағында жазғы сауықтыру маусымы салтанатты түрде ашылды.
None
None

Онда елордалық Балалар үйінің 130 тәрбиеленушісі демалады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан хабарлады.

«Балалық шақ - бұл мен және сен!» мерекелік бағдарламасы балалардың көңілінен шықты. Шараны елорда  әкімдігі "Балалар үйі" КММ қызметкерлері Астана қаласының Білім басқармасымен және ҚР ҰҚК кураторларымен бірлесе ұйымдастырды.

Балаларды Астана қаласы Ішкі істер департаменті Кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі  Байкенов Саят Серікұлы, ҚР ҰҚК органдарының ардагері, отставкадағы полковник Абдрашитов Леонур Шавкетович, ҚР ҰҚК Кадр департаменті басқармасы басшысының орынбасары, полковник  Бесетаева Гүлжан Шахманқызы, ҚР ҰҚК-нен кураторлар құттықтады. 

Шараның басты мақсаты - жазғы уақытта Балалар үйінің тәрбиеленушілерін сауықтыруға жағдай жасап, жазғы сауықтыру маусымын ашу.

Бұл күні барлық балалар салтанатты жиналыста бас қосып, белсенділерге сыйлықтар табыс етілді. Содан кейін «Жүрек жылуын сыйлаймын» мерекелік концерті өтті. Оны Балалар үйінің шығармашылық ұжымдары ұйымдастырды. «Асыл арман» хореографиялық ансамблі өздерінің мың бұралған билерімен тәнті етсе, «Нұр Астана» және «Айгөлек тобы» әннен шашу шашты, «Адырна» домбыра ансамблі де өнерлерімен көпшілікті тамсандырды.

Игі дәстүр бойынша барлық балалар үшін дастархан жайылып, олар балмұздақтан, тәттілер мен жемістерден дәм татты.

Жазғы эстрадада барлық отбасылардан «Құттықтау хаты» дайындалды.

Спорттық шаралар да тасада қалмады. Футбол бойынша Урюпин Балалар үйінің командасымен жолдастық кездесу өтті.

Кешқұрым балалар үшін «Достар арасында» би кеші ұйымдастырылды.

Таза ауа, әсем табиғат, ыңғайлы тұрғын корпустар, қолайлы тұрмыстық жағдайлар балалардың алдағы оқу жылына күш-жігер жинауына мүмкіндік беретіні сөзсіз. «Боровичок» демалыс аумағында балалардың танымдық, эстетикалық және шығармашылық дамуына баса назар аударылады. Балалар үйірмелер мен секцияларға қатысып, жазғы мектеп пен кітапханада білім көкжиегін кеңейте алады.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар