Борсық шұңқыр қазып, сиырды көміп тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Юта штатында (АҚШ) университет биологтары бірнеше күн бойы сиырдың тұтас етін көмген борсықты видеоға түсіріп алды.
Жабайы табиғат зерттеушілері Юта штатындағы Грейт Бэйсин ұлттық паркінің бірнеше жеріне сиырдың тұтас етін тастап, қасына жасырын камера орнатқан және жабайы жануарлардың келуін күткен. Таң қаларлығы сол, бірнеше күн өткенде бір сиырдың еті із-түзсіз жоғалып кетті.
Алғашында ғалымдар сиырды койоттар сүйреп әкетті деп жорамалдаған. Алайда, бейнежазбаны көргенде сиырдың тұтас етін кәдімгі борсықтың көміп тастағаны анықталды.
Сиырды көму үшін борсық бірнеше күн бойы туннельдер қазған, нәтижесінде ет төменге өз салмағымен құлап түсті.