Бортында 170 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кутаиси (Грузия) - Кавала (Греция) әуе бағытында ұшқан W66401 рейсіне жай түсті, деп хабарлайды ТАСС .
Найзағай түскен әуе кемесі Болгария астананың әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
София әуежайының баспасөз қызметі ТЖ тіркелмегендігін, тек ұшақтың ауа райының қолайсыздығына байланысты қонуға мәжбүр болғандығын хабарлады.
Ұшақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.