22:20, 27 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Бортында 184 жолаушысы бар ұшақ қайта қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонтодан Калгариге ішкі рейсті орындаған Air Canada авиакомпаниясының Airbus A321 ұшағының дүйсенбі күні кешке Виннипег қаласы әуежайына амалсыз қонуына тура келді.

Өйткені салондағы температура шұғыл көтеріліп кеткен, деп хабарлайды CBC телеарнасы.
Ауа күрт қыза бастаған сәтте сегіз адамның жағдайлары нашарлаған. Қонғаннан кейін барлық жолаушылар дәрігерлердің қарауынан өтті және жергілікті қонақүйге жайғастырылды.
Оқыс оқиғаның себеп-салдары тексерілуде.