Бортында 200 жолаушы болған ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 200 жолаушы болған «Kuwait Airways» ұшағы апатты жағдайда Брюссель әуежайына қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Бортында 200 жолаушы болған ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды

Кувейт-Лондон бағытына бет алған Airbus А300 әуе лайнерінің экипажы ұшқыштар кабинасы түтіндей бастағанда Брюссель әуежайына қонуға рұқсат сұраған. Сөйтіп ұшақ апатты жағдайда жерге қонған. Қазір сарапшылар оқиғаның мән-жайын анықтауда.