Бортында 467 жолаушысы бар ұшақтың Бакуге шұғыл түрде қонуына тура келді
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі «Сингапур әуежелілері» әуе компаниясының Лондоннан Сингапурға сапар жасаған «Эрбас» А-380 әуе лайнері түнде салон герметизациясының бұзылуына байланысты шұғыл түрде Бакуге қонды,
деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бортта болған 467 жолаушы мен 27 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «Оттегі массасын сыртқа шығару механизмі іске қосылып, ұшақ жергілікті уақыт бойынша 01:03-те Бакуге қонды», - деп жазылған компанияның хабарламасында.