Бортында 54 адамы бар индонезиялық ұшақ жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Папуа-Жаңа Гвинея ауданында ішінде 54 адамы бар индонезиялық ұшақ радар бетінен жоғалып кетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Бортында 54 адамы бар индонезиялық ұшақ жоғалып кетті

Әзірге ұшақ бортында 54 адам болғаны ғана белгілі. Оның бесеуі балалар болса, тағы 5 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Trigana Air Service индонезиялық компанияға тиесілі. Ол Сентаи қаласынан Оксибилге бет алған.