Бортында сегіз адам болған тікұшақ теңізге құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында сегіз адам болған Ресей тікұшағы Шпицберген архипелагында орналасқан Баренцбургтен 2-3 шақырым қашықтықтағы теңізге құлады.
Бұл туралы Солтүстік Норвегия құтқару қызметі твиттерде жариялады.
Соңғы дерек бойынша, тікұшақ Ресейдегі Пирамида кентінен Шпицбергендегі Баренцбург елді мекеніне бет алған.
Жергілікті уақытпен сағат 15.35-те тікұшақ радардан жоғалып кеткен, ал 15.45-те оның теңізге құлағаны расталды.