Бортында үш ғарышкері бар «Союз» аппараты қазақ жеріне қонды
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін мәскеу уақытымен сағат 05.53-те ішінде 32/33-Халықаралық ғарыш стансасы экипажының 3 ғарышкері бар "Союз ТМА-05М" кемесінің жерге қонушы аппараты қазақ жеріне қонды.
Бұл туралы Ұшыруларды басқару орталығынан хабарланды.
Капсула жоспарланған аумаққа - Арқалықтың солтүстік-шығысына қонды.
Жерге оралған ғарышкерлер - ресейлік Юрий Маленченко, американдық Сунита Уильямс және жапондық Акихико Хосидэ орбитада 126 тәуліктен аса уақыт болды.
Іздестіру-құтқару тобының мамандары қонушы аппаратпен Жерге оралған ғарышкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.