Бос орындар жәрмеңкесіне 2000-нан астам жас астаналық қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жұмыссыз жүрген жастарға, ЖОО студенттері мен түлектеріне арналған алғашқы салалық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер техникалық саладағы 200 артық мамандық бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Елордалық жұмыссыз жүрген жастар мен техникалық мамандықтар бойынша бітірген түлектер «Теплотранзит» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «Базис-А» ЖШС, «КазТрансГаз» АҚ, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, «ArabTec» ЖШС және т.б. компаниялардың өкілдерімен кездесті. Жұмыс берушілер жұмыс іздеушілерді ұсынылған бос орындар тізімімен таныстырып, өз ұйымдары мен кәсіпорындары туралы толық ақпарат ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 200 астам адам әңгімелесуге шақырылды.

Алдағы уақытта сала бойынша бос орындар жәрмеңкесін екі айда бір өткізу жоспарланып отыр. Басты мақсаты - экономиканың белгілі бір саласын кәсіпорындар кадрларымен қамтамасыз ету. Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, хабарлауынша, шараның басты міндеті бос орындар жәрмеңкесінде жұмыс іздеушілерді нақты санаттар бойынша біліктілігіне қарай әңгімелесуге жіберу үшін белгілі бір саладағы жұмыс берушілерді жинау болып табылады.

Соңғы жаңалықтар