Бос уақытымды немерелеріммен өткізуге тырысамын - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жалақасының көлемін айтып берді.

Бос уақытымды немерелеріммен өткізуге тырысамын - И. Тасмағамбетов

«Әкімдердің жалақысы жалпы бір ғой, яғни 650 мың теңге көлемінде. Сонымен қатар Астанада жұмыс істеп жатқаныма бес жыл болды. Сол келгендегі маған тиген көлікпен жүремін. Бұл - «Audi» маркалы көлік. Сондай-ақ «Lexus» маркалы жол талғамайтын көлік бар. Қалада құрылыс қарқынды жүріп жатқаннан кейін, нысандарға бару үшін осы көлікпен жүруге тура келеді»,-деді әкім.

И. Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, Алматыдағы үйін Астанаға көшкеннен кейін сатқан көрінеді. «Осында пәтерім болғанмен, үш жыл жер үйді жалдап тұрдым. Содан кейін Алматыдағы үй сатылғаннан кейін, осында үй салып алдым»,-деді ол.

Сонымен қатар ол Жаңа жылды отбасымен қарсы алатынын және бос уақытын немерелерімен өткізуге тырысатынын айтты.