Босаған жұмыскерлерді және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттерден 5,2 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр - Б. Сапарбаев

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде босаған жұмыскерлерді және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттерден 5,2 млрл. теңге бөлу қарастырылып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жұмыстан босаған жұмыскерлерді және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау қарастырылып отыр. Биыл 94,2 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, 25,6 мың адамды кәсіби жағынан даярлауға және қайта даярлауға, 9,7 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жергілікті бюджеттерден 5,2 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр», деді жиында Б. Сапарбаев.
Соңғы жаңалықтар